Рәміздер-ұлт мақтанышы!

2017-06-14_10-38-13

Осыдан ширек ғасыр бұрын қазақ елі өзінің жаңа мемлекеттілігінің символдарын, айшықты нышандарын бекітіп, әлемге паш етті. Биыл міне, қастерлі символдарымыздың тұғырына қонып, еліміздің айбынын асырып, рухын аспандатқанына 25 жыл толды.

25 жылдай уақыт өтсе де, кей тұста мемлекеттік рәміздердің стандарты сақталмай, біршама мекемелер бұл іске келгенде салғырттық танытатыны бар. Сондықтан облыстық ішкі саясат басқармасы 5513 әскери бөлімінде ақпараттық жиын өткізіп, мемлекеттік ту, елтаңба, гимнге қатысты сақталатын заңдылықтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 2007 жылы 4 маусымда арнайы заң қабылданып, соған сай барлық мемлекеттік ғимараттарда мемлекеттік рәміздер ілініп, олардың бір текті болуы мен қорлануына жол берілмеу тиісті. Сондай-ақ, жиында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік Елтаңбаның ұлттық стандарты өзгертілетіндігі айтылып, атаулы әскери бөлімнің дайындығын пысықтау керектігі айтылды.

2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп, осыған байланысты мемлекеттік органдардың құзіретін  айқындады, жауапкершілікті арттырды.

Бұл мерекенің орны  біз үшіні ерекше. Себебі, әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда.

Көк аспан түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз – баға жетпес құндылықтарымыз. Ал осы құндылықтарға деген қарапайым халықтың құрметін қалыптастыру, жас ұрпақтың санасына Отаншылдық сезімді сіңіру, патриоттық аңсарды тәрбиелеу  – басты мақсатымыз.

Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп нақты жазылған. Ал сол міндеттілікті сезіну үшін, орындау үшін әрбір отандасымызға үйде, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, мекемелерде ұдайы тәлімдік-тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі керек. Ата-бабаларымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаса керек.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық біре­гейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде елі­міздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжы­рымдамасы — ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында қалыптасады

Мемлекеттік рәміздер мә­дениетіміз, тарихымыз бен менталитеті­міздің көркем туындысы болуы керек. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес.

Мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналасуы жөнінде де прокуратура тарапынан тексерістер  жиі жүргізіледі.

Мемлекеттік рәміздерді тиісті мемлекеттік органдарда пайдалану мен қолдану заң аясында шешімін табуы тиіс. Өйткені, заң талабына сай жасалмаған немесе орнатылмаған рәміздер біздің мемлекетіміздің беделіне де нұқсан келтіреді. Әрбір адам осыны терең түсініп,  өз еліне деген патриоттық сезімін арттыра түсуі  тиіс.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s